Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАННЫҢ РУХАНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.10.2021 1105 0 пікір
БАС МҮФТИ ТҮРКІСТАННЫҢ РУХАНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУДЫ ТАПСЫРДЫ (ФОТО)

Бүгін Түркістан қаласындағы облыстық орталық мешітте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен рухани туризмді дамытуға арналған алқалы жиын өтті.

«Түркістан қаласындағы рухани туризмді дамытудағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үлесі» тақырыбына арналған мәжілісте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, киелі Түркістанда халқымыздың діні мен руханияты үшін қызмет ететін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы өкілдігі ашылды.

Бұл орталық Түркістан өңірінің одан әрі рухани дамуына қызмет етіп, рухани астана мәртебесінің тереңдей түсуіне сүбелі үлесін қосуда.

Республикалық Құран жарысының кезекті байқауын осы киелі жерде өткізуіміздің де өзіндік мәні бар. Бұл бастамамыз халыққа рухани күш береді деген үміттемін.  

Рухани қазынамызды сақтап, ұрпаққа жеткізуді көздейтін ізгі істерімізді Жаратқан Иеміз берекелі, нәтижелі еткей! Алла Тағала жаңа Түркістан облысының төрінен бастау алып жатқан игі істеріміз бен ниетімізге жар болғай!» деді.

Мәжіліс барысында ҚМДБ-ға қарасты Darhan Dala Travel туристік фирмасының директоры Бектемір Қуандықұлы компанияның жұмысы мен жоспары жайлы және елімізде рухани туризмді дамытудың әлеуеті туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Түркістан облысы Туризм басқармасының өкілі Нұрдәулет Данабайұлы да өңірде рухани туризмді дамытудың маңызы жайлы баяндама жасады.

Басқосуда ҚМДБ жанындағы Әдеп кеңесінің хатшысы Смайыл Сейтбеков киелі орындарды зиярат етудің әдебі жайлы баяндама жасады.

Жиналыс соңында Бас мүфти имамдарға Түркістанда рухани туризмді дамыту жайлы нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі