Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

КЕНЖЕӘЛІ МЫРЗАБАЕВ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.10.2021 7614 0 пікір
КЕНЖЕӘЛІ МЫРЗАБАЕВ – НАИБ МҮФТИ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті аппарат жиналысын өткізген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Кенжеәлі Мырзабаевтың наиб мүфти қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді.

«Мырзабаев Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

«Кенжеәлі Қоңыратбайұлының діни салада тәжірибесі мол. Өзіне жүктелген қызметтік міндетті толық орындайды деп сенемін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру