Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ: ӘЛЕМДІК ПАНДЕМИЯ МҰСЫЛМАН ҮМБЕТІН БІРІКТІРЕ ТҮСТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 06.10.2021 1087 0 пікір
БАС МҮФТИ: ӘЛЕМДІК ПАНДЕМИЯ МҰСЫЛМАН ҮМБЕТІН БІРІКТІРЕ ТҮСТІ (ФОТО)

Бүгін елордада басталған Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің ХІХ отырысына қатысып, баяндама жасаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Әлемді жайлаған пандемиялық ахуал біздің көптеген ортақ игі іс-шараларымыздың өтуіне тосқауыл болды. Алайда бұл сынақ мұсылман әлемін одан сайын біріктіре түсті. Біз әлемнің дін көшбасшыларына «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі ниетпен Үндеу жолдап, жұма күні бір мезетте дұға жасауға шақырдық. Үндеуге бірқатар мұсылман елдері қолдау білдіріп, онлайн режимде дұға жасау рәсіміне қатысты. Осы сәтті пайдаланып, дін көшбасшыларына тағы да Алла разы болсын айтамын. Бұл бастама дін қайраткерлерін ортақ мақсатқа жұмылдырды.

Менің ойымша, әлемдегі пандемиялық жағдай дін өкілдерінің рухани әлемін әлсірете алған жоқ. Пандемия уақытында мешіттер мен ғибадатханалар есіктері жабылды. Алайда сауап есігі жабылмайды. Сынақ сәтінде дін қызметкерлері қоғамда ізгілік пен мейірімділік сынды құндылықтарды кеңінен насихаттай білді» деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы.   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі