Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ САУД АРАБИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО+ВИДЕО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 05.10.2021 3253 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ САУД АРАБИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Бүгін елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сауд Арабия Корольдігі Ислам, шақыру және тәлім беру істері жөніндегі министр орынбасары Мұхаммед бен Абдулуахед әл-Арифимен кездесті.

Кездесуде қажылық саласы бойынша ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарын жандандыру мәселесі талқыланды.

«Қажылық министрлігі қажылық сапары кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі бастамаларына қолдау көрсетіп келеді. Бұл біздің қажылық сапары кезінде ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстарымызға серпін беруде. Біздің елімізден қасиетті Жидда және Мәдина қалаларына тікелей чартерлік  рейстің ашылуы да қажыларымыз үшін үлкен жеңілдік болды. 

Аллаға шүкір, қазір әлемде пандемиялық ахуал тұрақталып келеді. Бұйырса, көп ұзамай біздің де қажыларымыз қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына барып, қажылық парызын өтейді деп сенемін. Алла Тағала сол күнге тезірек жетуді нәсіп еткей» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Вице-министр өз кезегінде қажылық сапарына қатысты мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал ететінін жеткізді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру