Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІМЕН ОРТАҚ МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.10.2021 2539 0 пікір
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІМЕН ОРТАҚ МӘСЕЛЕНІ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мүфтиі Замир Шейшенбекұлымен кездесіп, ортақ мәселені талқылады.

Кездесуде екіжақты байланысты арттыру, ортақ пәтуа қабылдау, мұсылман мерекелерін бір күнге белгілеу, шариғат және пәтуа саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту сынды мәселелер сөз болды.

Наурызбай қажы Тағанұлы Замир Шейшенбекұлын Қырғызстан мүфтиі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, игі тілегін жеткізді. Өз кезегінде Замир Шейшенбекұлы Ош қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мазмұнды баяндама жасаған Наурызбай қажы Тағанұлына алғысын білдіріп, ризашылық ниетін жеткізді.

Басқосу соңында тараптар Қазақстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармалары арасында екіжақты ынтымақтастықты арттыруға арналған меморандум қабылдауға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру