Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.10.2021 2710 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚЫРҒЫЗСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ДИРЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан Республикасына жасаған жұмыс сапары кезінде Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия директоры Тойгонбай Абдыкаровпен кездесті.

Кездесуде Қазақстан және Қырғызстан Республикалары арасындағы діни саладағы әріптестік байланысты нығайту мәселесі сөз болды. Сонымен қатар ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асырудың маңыздылығы талқыланды.

Тараптар Ош қаласында өткен «Ислам – тыныштық тірегі» атты конференцияда айтылған ұсыныстар бойынша пікір алмасып, ортақ іс-шараларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру