Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 30.09.2021 2600 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан Республикасының Ош қаласында өткен «Ислам – тыныштық тірегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, баяндама жасады.

Ош мемлекеттік университетінде өткен жиында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақ халқында «Досты таңдайсың, ал көршіні Құдай қосады» деген сөз бар. Сонымен қатар халқымыз «Көршіні Құдай, досты пайғамбар қосады» дейді. Аллаға шүкір, қырғыз халқы Құдайдың қазақ халқына берген көршісі әрі бауыры. Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына: «Ізгі істерге, тақуалыққа көмектесіңдер. Күнә жасауға, дұшпандыққа жәрдемші болмаңдар...» («Мәида» сүресі, 2-аят) деп бұйырған. Осы ретте барша әріптесімді өзара бірлігімізді күшейтіп, жақсы істе бір-бірімізге көмекші болуға шақырамын», – деді.

Айта кетсек, халықаралық конференцияға Орталық Азия мемлекеттерінің дін қайраткерлері мен ғалымдары қатысты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру