Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СЫР ЕЛІНДЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.09.2021 2669 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СЫР ЕЛІНДЕ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сыр еліне жасаған жұмыс сапарында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, ұрпақ тәрбиесі, ихсан ілімін насихаттау туралы сұхбаттасты.

Облыстық Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен кездесуге облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессорлары – Қазыбай Құдайбергенұлы, Баймырза Қожамберліұлы, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Уәлихан Серікұлы, белгілі айтыскер ақындар – Аманжол Әлтаев пен Мұхтар Ниязов қатысты.

Басқосу барысында зиялы қауым өкілдері Бас мүфти бастамасымен шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты қоғамға, әсіресе жастарға насихаттаудың маңызын айрықша атап өтіп, аталған еңбекте қазіргі поблемаларға жауап беретін тақырыптар қамтылғанын тілге тиек етті.

«Ихсан – бағзы заманнан мұсылмандық жолды ұстанған қазақ халқының діни түсінігіне етене жақын ілім.  «Ихсан» сөзі шынайылық деген мағынаны білдіреді. «Ихсан» дегеніміз – Алланы көріп тұрғандай қорқынышпен, шынайылықпен, жауапкершілікпен құлшылық ету. «Ихсан» ілімі мұсылман баласын әр істе, әр құлшылықта шынайы болуға тәрбиелейді. Асылында, Алла Тағала барша адамның әр ісін, сөзін, ниетін, тіпті көкейдегі ойын біледі. Шынайылық болмаған амалда береке болмайды» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бас мүфти кітапқа қолтаңбасын жазып, зиялы қауым өкілдеріне сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру