Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛҒАН «ФАТИМА» МЕШІТІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 23.09.2021 2615 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛҒАН «ФАТИМА» МЕШІТІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан «Фатима» мешітін аралап, құлшылық үйінде жүзеге асқан игі іс-шаралармен танысты.

Бір мезетте 500-ден астам адам намаз оқи алатын Алла үйінің ауласы мен мешіт ғимараты толық күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ мешіт ауласынан әйелдерге арналған намазхана, қасапхана және имамдарға арналған қызметтік пәтер салынды.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 30 жылдық мерейтой аясында бірқатар игі іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Солардың қатарында күрделі жөндеу жұмысын қажет ететін мешіттерді қайта қалпына келтіру жоспары болған. Наурызбай қажы Тағанұлы «Фатима» мешітінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және мешіт ауласынан қосымша ғимарат салуға үлес қосқан азаматтарға айрықша алғысын жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру