Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЫЙ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.09.2021 1014 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ СЫЙ ЖАСАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжі мен қайырымдылық мекемелеріне азық-түлік жеткізілді.

Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен медресе директоры Құлмұхаммед Маханбет қатысып, білім ордасына 3 тоннаға жуық қажетті азық-түлік пакеттерін табыстады. Бас мүфти аталған білім ордасының шәкірттерін күнделікті керек-жарақпен, оның ішінде азық-түлікпен қамтуға үлес қосқан азаматтарға айрықша алғысын жеткізіп, қайырымдылық және сауапты амал жайында насихат айтты.

Өз кезегінде медресе директоры мен шәкірттер де Бас мүфтиге ыстық ілтипаты мен алғысын білдірді.

Сондай-ақ азық-түлік пакеттері 5 қайырымдылық мекемесіне де табысталғанын айта кеткен жөн.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі