Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «әл-Мәдина» мешітінің қос дін қызметкеріне баспана кілтін табыстады.
«Зекет және қайырымдылық» қоры мен Алматы қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында «әл-Мәдина» мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Нұрбол Тағаев пен азаншы Жақсылық Хасанов баспаналы болды.
Игі іс-шарада ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сауапты іске демеушілік жасаған Мұрат Жұмаханұлы мен жұбайы Гүлнұр Мақсұтқызына ризашылығын білдіріп, арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Бұл отбасы бұған дейін мешіттің күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысып, дәретхана, асханасын қайта жабдықтап берген.
Айта кетейік, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 456, 457-баспана, ал Алматы қаласында 12 және 13-пәтер беріліп отыр.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
22.09.2021
7511
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру