Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 21.09.2021 1035 0 пікір
БАС МҮФТИ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университеті студенттеріне дәріс оқыды.

Бас мүфти дәрісте: «Көзі ашық азаматтар жаңашыл ойлап, ұлттық сананы жаңғыртуға, бәсекелік қабілетті арттыруға, ұлттық бірегейлікті сақтауға, туған жерді көркейтуге үлес қосуы тиіс. Оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздарымыз, бауырларымыз ел-жұртқа пайда келтіретін білім ізденсе, жаһанның ең озық технологияларын үйренсе, ұлттық дәстүр-салтымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді көкейіне тоқыса – тәуелсіздікке қосқан үлес осы болмақ.

Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: «Бүгінгі мұғалімдер шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс. Өйткені балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс» екенін айрықша атап өтті.

Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы. Ал адамның денсаулығы мен білімі – мемлекеттің дамуына әсер ететін негізгі фактор. Халықтың жалпы сауатын көтеріп, жастарды біліммен қаруландыру – баршамыздың ортақ борышымыз» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі