Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.09.2021 2834 0 пікір
БАС МҮФТИ ОБЛЫС ӘКІМІМЕН ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ресми жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

Сапар аясында Бас мүфти Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірдегі діни ахуал, пандемия кезіндегі аймақтағы діни орындардың қызметі, діни кадр даярлау, теріс ағымдармен жұмыс мәселелерін талқылады.

«Біз күнделікті жұмыс барысында өңірлердегі діни ахуалға талдау жасаймыз. Атырау облысындағы діни ахуалды жақсарта түсу мақсатында ҚМДБ жанынан арнайы жұмыс тобын құрып, елімізге танымал ғалымдарды арнайы алып келдім. Ғалымдарымыз деструктивті діни ағым жетегінде кеткен азаматтарға арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады. Бірнеше күнге созылатын кешенді жұмыстар өз нәтижесін береді деп сенемін» деп атап өтті ​Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов асыл дінімізді дәріптеу, ел бірлігін нығайту жолында еңбек етіп жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді. «Баршамыздың атқарып жүрген еңбегіміз ортақ. Мақсатымыз – еліміздің бірлігін, амандығын сақтау, әл-ауқатын нығайту» деген облыс әкімі діни кадр даярлау мәселесінде жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау жалғасатынын айтты. ​

Кездесу соңында Бас мүфти мен облыс әкімі діни оңалту, діни ағарту бағытында ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру