Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Құрбан айтпен құттықтап, хат жолдады.
«Осы күндері мұсылмандар құрбандық шалумен қатар көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын беру арқылы Ислам дінінің қасиеті мен дәстүрлерін одан әрі нығайтуға қомақты үлес қосады. Бүгінге дейін осындай адами құндылыққа толы Құрбан айт мейрамы Қазақстан халқының бірлігін, түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді.
Қасиетті Құрбан айт құтты болсын! Істеріңіз берекелі болсын!» делінген құттықтау хатта.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
21.07.2021
2767
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру