Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.07.2021 2794 0 пікір
ҚЫРҒЫЗСТАН МҮФТИІ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Замир кары Ракиев ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына шығыстанушы-ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтты.

Бұл туралы Қырғызстан мүфтиятының ресми сайты хабарлады.

«Бауырлас Қазақ елінің бұрынғы бас мүфтиі және дін ғалымы Әбсаттар қажы Дербісәлінің дүниеден өтуіне байланысты баршаңызға көңіл айтамыз. Әбсаттар қажы Қазақстанның Бас мүфтиі және Орта Азия мүфтилері Кеңесінің төрағасы ретінде көп жұмыс еңбек атқарды. Соңынан ерген шәкірттеріне өзінің мол тәжірибесі мен тағылымды, елеулі еңбектер қалдырды. Марқұмның отбасына, жақын-туыстарына және Діни басқармадағы ізбасарларына сабыр тілейміз. Жаратқан Әбсаттар қажыны рақымына алып, пейіштің төрінен орын бергей!» делінген көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру