Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАСАПХАНАЛАРДА «ASHYQ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 16.07.2021 3828 0 пікір
ҚАСАПХАНАЛАРДА «ASHYQ» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ (ФОТО)

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғар Құрбан айтты өткізуге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылғанын және бірнеше бағыттағы нақты шаралар атқарылатынын атап өтті.

Ершат қажы Оңғардың айтуынша, «сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарда азаматтардың денсаулығына ерекше көңіл бөлу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылады.

«Атап айтқанда, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар азаматтар құрбандық шалу орындарына жіберілмейді, «көк», «жасыл» мәртебесі бар азаматтар ғана жіберіледі. Осы ретте, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, облыстардың әкімдіктері Ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, ҚМДБ-мен бірлесіп, еліміздің өңірлерінде «ASHYQ» мобильді қосымшасы аясында халық арасындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді» деді наиб мүфти.

Сондай-ақ Ершат қажы Оңғар офлайн форматта құрбан шалуға ниетті адамдардың арнайы тізімі жасалатынын, құрбан шалушылардың құрбан шалатын уақытын алдын ала хабардар етуі қажеттігін алға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру