Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.06.2021 1872 0 пікір
БАС МҮФТИ АРДАГЕР ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаз, ғалым Абдулла Жолдаспен сұхбаттасты.

Кездесуде шәкірт тәрбиелеудің маңызы, имам-молдалардың білімін арттырып,  тәжірибесін шыңдау, халықтың діни сауатын ашуда қажетті оқу құралдары мен кітаптар шығару сынды мәселелер сөз болды.

«Сіз бізге біліммен қатар, тәлім бердіңіз. Табандылықпен еңбек етіп, қаншама шәкірт тәрбиеледіңіз. Қазір сол шәкірттеріңіз жауапты қызмет атқаруда. Сізге тағы да риясыз ниетпен ризашылығымды білдіремін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда Бас мүфти Діни басқарма Ислам энциклопедиясын әзірлеп жатқанын жеткізе келе: «Сіз ғылыммен айналысқан ғалым ретінде осы бастамамызға үлес қоссаңыз нұр үстіне нұр болар еді» деді.

ҚМДБ ғимаратына бірінші рет келген Абдулла Жолдас жаңа кеңсеге құтты болсын айтып, ізгі ниетін білдірді. Сонымен қатар Бас мүфти өтінішін орындауға дайын екенін жеткізді.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ардагер ұстаз Абдулла Жолдасты «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ белгілі қари, «Қауам Ад-дин Әл-Итқани Әл-Фараби Әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабайұлын да мерекелік медальмен марапаттады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі