Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЕШІТТЕГІ «ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ» МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 11.06.2021 3695 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕШІТТЕГІ «ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ» МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары кезінде облыстық «Халифа Алтай» мешіті жанынан ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайын аралады.

Мұражайда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі, Түркістандағы әйгілі Тайқазанның көшірмесі, қазақтың алты қанат киіз үйі мен Арыстанбаб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелерінің шағын макеттері қойылған. Бұдан бөлек мұражайға келушілер қасиетті Құран кітабының электронды замануи көшірмесін, тарихи құнды еңбектердің электронды нұсқаларын да тамашалай алады.

Сондай-ақ мұнда ұлттық көне жәдігерлер мен ежелгі діни бұйымдар да қойылған. Тіпті мұражайда түркі дәуірінің тарихынан сыр шертетін «Оғызнама» секілді кейбір сирек кітаптардың түпнұсқалық көшірмесі де Ұлыбританияның Кембридж университетінен және Түркиядағы Сүлеймание мешітінің кітапханаларынан алынған.

Мұражайды аралаған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатайға алғыс білдіріп, мешіт ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру