Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген Қайырымдылық мекемесінің ашылу рәсімінен кейін ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты.
«Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір тал ексе, ол жеміс бергенше Алла Тағала міндетті түрде оған сауап жазады» деген. Тағы бір хадисте: «Кімде-кім бір тал егіп, оның жемісінен адам немесе Алла Тағаланың жаратылыстарынан біреу жесе, ақиқатында ол адам үшін бұл бір садақа» делінген. Біз жамағатты қоршаған ортаны қорғап, ағаш отырғызуға үндеп келеміз. Бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
10.06.2021
4173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру