Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.06.2021 3846 0 пікір
ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДЫ ІС: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕКЕМЕСІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар елдімекенінде бой көтерген қайырымдылық мекемесінің ашылуына қатысты.

Салтанатты жиында сөз алған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Халқымыз «Ауылына қарап азаматын таны» дейді. Осы ауылдан шыққан азаматтар біздің игі бастамамызды қолдау білдіріп, қайырымдылық мекемесінің ашылуына үлес қосты. Осы сәтті пайдаланып, өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан айрықша алғысымды жеткіземін. Алла разы болсын!

Осы мекемеден діни һәм зайырлы білім алып шыққан иманды, отаншыл жастарымыз ертең-ақ елге, дінге қызмет ететін болады. Алла Тағала сол күнге жеткізгей! Біз қазақ балаларын оқытып, оларды отаншыл, иманды болуға тәрбиелеу мақсатында облыс орталықтарынан осындай қайырымдылық мекемелерін ашып жатырмыз. Игі ісімізге үн қосып жатқан азаматтарға тағы да риясыз ризашылығымды жеткіземін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!» деді.

Игі іс-шарада Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы құттықтау лебізін білдірді. Бас мүфти қайырымдылық мекемесіне сыйлығын табыстады.

Айта кетсек, қайырымдылық мекемесінде бір мезетте 30 оқушы діни һәм зайырлы білім алады. Сонымен қатар Құран жаттамақ.   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру