Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕНДЕ «ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 08.06.2021 4716 0 пікір
ӨСКЕМЕНДЕ «ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫТЫМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Өскемен қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жуырда ғана Бас мүфти бастамасымен шыққан «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабының танытымы өтті.

Жергілікті зиялы қауым өкілдерімен, ақын-жазушылармен жүздескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Аллаға шүкір, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ағарту саласындағы жұмысы жанданып келеді. Біз Діни басқарма жанынан Баспа және аударма бөлімін ашып, халыққа пайдалы еңбектерді шығара бастадық. Алла жазса, осы жылы 14 кітап жарық көреді. Жастарымыз Құран аяттарын дұрыс түсінсін деген ниетпен «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын шығардық. Бұл еңбек қарапайым әрі түсінікті тілімен жазылды. Жалпы оқырман қауымға пайдалы болады деген сенімдемін» деді.

Басқосу барысында зиялы қауым өкілдері өздерін толғандырған мәселелер жайлы пікірімен бөлісті.

Бас мүфти игі кездесу кезінде кітап көрмесін тамашалап, кітапхана ұжымының жұмысымен танысты. Басқосудан кейін Наурызбай қажы Тағанұлы 4 томдық «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын кітапханаға ресми түрде табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру