Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесті. Кездесуге ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай қатысты.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал талқыланып, имамдарды әлеуметтік қолдаудың маңызы сөз болды. Сонымен қатар деструктивті діни ағымның арбауына іліккен жастарға белсенді түрде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігі талқыланды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлерінің игі бастамалары мен әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетіп келе жатқан өңір басшысы Даниал Кенжетайұлына алғысын білдіріп, жуырда шыққан «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын сыйлады.
Басқосуда ҚМДБ Төрағасы жастарға Құран аяттарын дұрыс тәпсірлеудің маңызына тоқталып, Діни басқарманың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан ас беру, зират көтеру мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін жеткізді.
Кездесу соңында тараптар ел игілігі үшін ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
07.06.2021
4165
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру