Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

САЙРАМ АУЫЛЫНДА ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ МЕН СПОРТ АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 02.06.2021 1776 0 пікір
САЙРАМ АУЫЛЫНДА ҚЫЗМЕТТІК ҮЙ МЕН СПОРТ АЛАҢҚАЙЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Достық елді мекенінде орналасқан «Үсенбек ата» мешіті жанынан салынған қызметтік баспана мен шағын спорт алаңқайының ашылуына қатысты.

Салтанатты қос шарада Бас мүфти игі іске үлес қосып, қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ осындай іргелі жұмыстарды ұйымдастырып жүрген мешіт имамы, «Шымкент» медресе-колледжінің түлегі Мұстафа Бауыржанұлына ризашылығын білдіріп, республикалық «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен берілген қызметтік үйдің кілтін табыс етті. Жас та болса, өжеттілігі, табандылығымен көзге түсіп, дін жолындағы қызметке шын ықыласымен кіріскен Мұстафаға береке тілеп, батасын берді.

Сапар соңында ҚМДБ Төрағасы атқарылған тағылымды шаруаларды қорытындылап, Шымкент қаласына жауапты имам Бақдәулет Әбдірахмановқа бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, Бас мүфтидің ендігі жұмыс сапары Тараз қаласында жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат