Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЛ-ФАРАБИ» КІТАПХАНАСЫНДА «МҮФТИЯТ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 01.06.2021 3412 0 пікір
«ӘЛ-ФАРАБИ» КІТАПХАНАСЫНДА «МҮФТИЯТ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мүфтият» рухани-танымдық, имандылық бұрышы ашылды.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Дәлелханұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров және Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов қатысты.

Алдымен мәртебелі қонақты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Дәурен Әуелханұлы кітапхандағы оңды өзгерістер туралы баян етіп, Әл-Фарабидің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін шағын музей жұмысымен таныстырды. Осыдан кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен аталған кітапханадан «Мүфтият» рухани-танымдық имандылық бұрышының ашылуы өтті. Айта кетсек, аталмыш имандылық бұрышына ҚМДБ тарапынан сарапатаудан өткен кітаптар қойылды.

Жалпы кітапханада 400 мыңнан астам кітап қоры бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру