Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 27.05.2021 9798 0 пікір
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Алматыда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Конференция жұмысына Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Мысыр Араб Республикасы Уақыптар министрлігінің өкілдері, әлемге әйгілі әл-Азһар университетінің ұстаздары, АҚШ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің дін саласының ғалымдары қатысуда.

Халықаралық басқосуда ғалымдар жаһандық және аймақтық сын-қатерлер, діни білім берудің маңызы, қазақстандық исламтану мектебінің қалыптасуы және оны жүзеге асыру, қазіргі дінтанулық білім беру бағыты, т.б. мәселелерді талқылануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру