Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ 150 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2021 3726 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ 150 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

Қарағанды өңіріне ресми іссапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шарасына арнайы қатысты.

Өңірдің орталық мешітінде 150 мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасалып, азық-түлік салынған қораптар табысталды.

Бас имам Өмірзақ Бекқожаның ұйымдастыруымен өткен іс-шара барысында Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылыққа атсалысып, жәрдем көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру