Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ МЕДИА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 24.05.2021 3390 0 пікір
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ МЕДИА ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде медиа орталық ашылды. «IHSAN MEDIA» деп аталатын жаңа орталықтың ашылуына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Аймақтың бас имамы Өмірзақ Қазкенұлының айтуынша, кешен қажетті техникамен толық жабдықталған. Сонымен қатар студия ішінде тікелей эфир ұйымдастыруға да мүмкіндік бар.

Жаңа студияның жұмысымен танысқан Бас мүфти өзінің ақжарма тілегін жеткізіп, қазіргі қоғамдағы ақпарат таратудың маңызына тоқталды.

«Қоғамның сұранысы, өміріміздің бір бөлшегіне айналған телевизия, онлайн хабар тарату ісінде жаңашылдыққа бет бұрып, осындай студия ашу – біздің төл телеарнамызға дем беріп, дінді таратудағы өнегелі іс. Қазір ақпараттық қоғамда насихатсыз болмайтынын имамдар жақсы түсінді. Өйткені жұмысыңды көрсету, уағызыңды жеткізу бәрі осы телеарна арқылы жүріп жатыр. Жаңа студиядан жақсы хабарлар, сапалы уағыздар, мағыналы сұхбаттар жасалып шықсын. Істеріңізге береке тілеймін» деді Бас мүфти.

Айта кетейік, жаңа кешенде тәулік бойы хабар тарату, тікелей эфирге шығуға барлық жағдай қарастырылған. Енді бұл студия «Halyq arna» телеарнасына сұхбаттар, арнайы сюжеттер дайындайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру