Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – КҮНБАТЫС АЛАШ-ОРДА ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.05.2021 3796 0 пікір
ҚМДБ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – КҮНБАТЫС АЛАШ-ОРДА ҮКІМЕТ ҮЙІНДЕ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясы Батыс өңіріне жасаған ресми сапары кезінде Сырым ауданы Жымпиты елді мекенінде орналасқан Күнбатыс Алаш-Орда үкімет үйінде болып, тарихи жәдігерлер мен халқымыздың болашағы жолында аянбай қызмет еткен тұлғалардың өмірімен жақыннан танысты.

Мұражай қызметкері делегация құрамына мол мәлімет пен пен құнды ақпарат беріп, тұлғалар өмірі жайлы ғибратты оқиғалармен бөлісті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанында орналасқан тарихи мұражайды құнды жәдігермен байыта түсудің маңыздылығын айрықша атап өтті.

Айта кетсек, бұл үйде 1918-1919 жылдары Жаһанша Досмұхамедов, Халел Досмұхамедов басқарған Күнбатыс Алаш-Орда үкіметі орналасқан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру