Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТАСҚАЛАДА ТАҒЫ БІР МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 22.05.2021 3578 0 пікір
БАС МҮФТИ ТАСҚАЛАДА ТАҒЫ БІР МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған ресми сапары барысында Тасқала ауданында салынатын жаңа мешіттің қазығын қақты.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы, жергілікті зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар қатысты.

«Бұл мешіт халық игілігі мен бірлігіне қызмет ететін құлшылық пен қайырымдылықтың, білім мен ізгіліктің рухани ордасы болады деген сенімдемін. Азан шақырылған жерге жамандық жуымайды. Халқымызда «Аллаға жағам десең, азанды бол» деген нақыл сөз бар. Осы жерде азан шақырылып, құлшылық пен қайырымдылық жасауды нәсіп етсін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, аудандық мешітте бір мезетте 400 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың қаржылай көмегі негізінде салынады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру