Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАҢА МЕШІТ АУЛАСЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 21.05.2021 3095 0 пікір
ЖАҢА МЕШІТ АУЛАСЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының Жымпиты елді мекенінде ел игілігі үшін берілген жаңа мешіт ауласында балалар алаңы ашылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аудан орталығынан бой көтерген жаңа мешіттің ашылу рәсімінен кейін балалар алаңын аралап, осы іске себепкер болған демеуші азаматтарға айрықша алғысын жеткізді.

«Бүгінгі бала – ертең ел басқаратын тұлға немесе әр саланың білікті маманы. Сондықтан олардың жақсы білім алуына, ізгілікке тәрбиеленуіне аса көңіл бөлуіміз керек. Осы іске үлес қосқан барша азаматтарға риясыз ниетпен ризашылық білдіремін. Алла разы болсын» деді.

Айта кетсек, Жымпитыда ашылған мешітте бір мезетте 400 адам құлшылығын өтей алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру