Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСОБАДА МЕШІТ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2021 3238 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚОСОБАДА МЕШІТ ҚАЗЫҒЫН ҚАҚТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапарында Сырым ауданы Қособа ауылында салынатын жаңа мешіттің қазығын қақты.

Салтанатты ізгі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Мешіт – күллі жақсылықтардың тоғысқан мейірімділік мекені. Адам баласы мешіттен рухани күш алып қана қоймай, білім алады. Мұқтаж жанға көмектесіп, оның алғысына бөленеді. Осылайша қоғамда бауырластық, мейірім сынды адамдық қасиеттер салтанат құрады. Алла Тағала баршамызды осы мешіттің ашылуында жүздесуді жазғай. Жаратушы Иеміз осы мешітті халықтың игілігі мен бірлігіне қызмет етуін нәсіп еткей», – деді.

Игі басқосуда Бас мүфти Алла үйін тұрғызуға бастамашыл болған белгілі ақын Бауыржан Халиоллаға ізгі ниетін білдірді. Салтанатты іс-шарада ақын Мұхамеджан Тазабеков те құттықтау сөзін жеткізді. Мешіт қазығын қағу алдында құрбан шалынып, дұға жасалды.

Айта кетсек, Қособа ауылында салынатын мешіт 200 адамға арналған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру