Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖЫМПИТЫДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 20.05.2021 4403 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖЫМПИТЫДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты елді мекеніндегі жаңа мешіттің ашылуына қатысты.

Алла үйінің ашылуында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, кеңес кезінде қаншама мешіттеріміздің жұмысына тосқауыл қойылды. Аллаға шүкір, қазір ел азаматтары ықыласпен мешіт, медресе, жол, көпір салып, халқымыздың алғысын алуда. Мешіттерімізде азан айтылып, жұртымызға жақсылықты насихаттауға мүмкіндік алдық. Жастарымыз иман жолына түсіп, жаман әдеттен арылуда. Біз осындай игілікке Алланың жәрдемімен бірлігіміз бен ниетіміздің арқасында жеттік. Ендеше, осы бірлігіміз бен берекемізді одан сайын арттыруға әрбір азаматымыз үлес қосуы керек» деп атап өтті.

Бас мүфти мешітті салған жомарт жандарға алғыс хатын табыстап, ізгі ниетін білдірді. Игі іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, белгілі ақын Мұхамеджан Тазабеков құттықтау сөзін жеткізді.

Айта кетсек, жергілікті жомарт жандардың демеушілігімен салынған Сырым аудандық орталық мешітінде бір мезетте 400 адам құлшылығын өтей алады. Алла үйінде дәрісхана, ұстаздар, имамдар бөлмесі, әйелдер залы бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру