Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ МЕШІТ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2021 3557 0 пікір
БАС МҮФТИ МЕН ОБЛЫС ӘКІМІ МЕШІТ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  мен Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал қалалық мешітінің іргетасын қалады.

Зашаған кентінде өткен игі іс-шарада Бас мүфти: «Халқымыз «Азаны бар ауыл азбайды» деген. Бұл мешіт құлшылықтың ғана емес, қайырымдылық пен жақсылықтың, ізгілік пен бірліктің орталығына, сонымен қатар мұсылман қауымының рухани ордасына айналады деп сенемін. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нұрлы шаһар Мәдинаға көшкен кезде алғашқы қолға алған ісі мұсылмандардың басын қосатын мешіт салу болды.

Аллаға шүкір, елімізде асыл дінімізге мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасалуда. Елбасымыз да ізгілердің жолымен елордамызда сәулеті мен сәні ерекше мешіт салып, жақсылыққа үлкен үлес қосуда. Алла Тағала баршамызды осы мешіттеріміздің ашылуында бірге болуды жазғай. Әмин!» деді.

Облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы игі іс-шарада құттықтау сөз сөйлеп, ізгі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Зашаған кентінде 70 мыңнан астам адам тұрады. Іргетасы қаланған жаңа мешітте бір мезетте 1500 адам құлшылығын өтей алады.

Мешіт жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың қолдауымен бой көтермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру