Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ӘЙЕЛДЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.05.2021 3618 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ӘЙЕЛДЕРГЕ НАСИХАТ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Батыс Қазақстан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы орталық мешітте «Жусан» операциясымен елге оралған қыз-келіншектермен сұхбаттасып, сұрақтарына жауап берді.

«Халқымыз «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді. Қателіктен сабақ алып, өмірімізді өзгерту – адамдық ісіміз. Аллаға шүкір, пәтуа беретін мүфтиятымыз бар. Ғалымдарымыз діни терең сұрақтарға жауап беруде. Діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығы тәулік бойы қызмет етуде. Мемлекетіміз кез келген кезеңде қандай жағдай болмасын өз азаматтарына қамқорлық танытып келеді.

Қателік жасау адам табиғатына тән құбылыс болғандықтан, пенде «мен қателік жасадым» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет.

Үміт етудің бір ғана жолы бар. Ол – Алла Тағалаға шынайы түрде иман келтіріп, келешекке сеніммен қарау. Діни басқарма сіздерге әрқашан көмек қолын созуға дайын» деп атап өтті.

Кездесуге қатысқан қыз-келіншектер Бас мүфтиге сауал қойып, өтініш-тілектерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру