Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 13.05.2021 2757 0 пікір
ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ БАС МҮФТИГЕ ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ ЖОЛДАДЫ

Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айт мейрамымен құттықтап, хат жолдады.

«Қазақстан халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайды. Ал еліміздегі екінші конфессия – православие христианы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәстүрлі Ислам діні мен православие еліміздің қос рухани қанаты деп бағалаған болатын.

«Біз мәдениеттерімізді байытқан сайын адамгершілік пен рухани бірлігімізді нығайтамыз. Себебі еліміздің басты байлығы – бейбітшілік пен рухани келісім» деген болатын» дей келе еліміздегі мұсылмандар мен христиандардың ынтымақтастықта өмір сүріп келе жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ Астана және Қазақстан митрополиті Александр Бас мүфти мен еліміздің барша мұсылмандарына денсаулық, бірлік және Қазақстанның игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру