Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«МУФТИЯТ» БАСПАСЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2021 4157 0 пікір
«МУФТИЯТ» БАСПАСЫ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРДІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Муфтият» баспасы «Астана» медресе-колледжінің шәкірттеріне ауызашар берді.

Ауызашарға арнайы қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы медресе ғимаратын аралап, ұстаздар жұмысымен танысып, ауызашар дастарханында шәкірттерге насихат айтты.

Бас мүфти медресе студенттерін жас кезде терең білім алып, әсіресе діннің түрлі саласы  бойынша ықыласпен ілім жинауға, халқымызға Исламды хикметпен насихаттауға шақырды.

«Қазір біліммен сусындайтын кездеріңіз. Ол үшін медреседе барлық жағдай жасалған. Білікті ұстаздардан білім алумен қатар, мінез-құлықты көркемдеу, дінді даналықпен жеткізу сынды құндылықтарды көбірек үйреніп қалыңыздар» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Бас мүфти ауызашар дастарханын ұйымдастыруға ұйытқы болған «Муфтият» баспасының директоры Мұрат Манапұлына алғысын жеткізіп, «Астана» медресе-колледжінің директоры Бақтыбай Қыдырбайұлына «Тәпсірлердің таңдаулысы» кітабын сыйға тартты.

Рухани кездесуде уағыз айтылып, бата жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру