Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ТАТАРСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 12.05.2021 2322 0 пікір

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинге ел астанасы Қазан қаласында мектепте болған жантүршігерлік жағдайға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Татарстан Республикасында болған қайғылы жағдайды мен де ауыр күйзеліспен қабылдадым. Сізге және туысқан татар жұртына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Рамазан айында опат болған бейкүнә періште балалардың жандары жаннатта болсын, олардың ата-аналарына сабыр берсін, жарақат алған жандардың тез жазылып кетуін тілейміз!

Қазақстан мұсылмандары сіздер үшін әрқашан дұға-тілекте екенін жеткізгім келеді. Жаратқан жар болсын!» делінген жеделхатта.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру