ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына жасаған сапарында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы зиярат жасады.
Түрленген Түркістан қаласының жаңа келбетімен танысқан делегация құрамында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да болды.
Елбасы жаңа кескіні қалыптасқан рухани астанадағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қанша ғасыр өтсе де ерекше мәнге ие бірден-бір ғимарат екенін ерекше атап өтті. Баба рухына құран бағыштап, елдің амандығы үшін дұға жасады.
Ары қарай жаңарған шаһардың бүгінгі келбетін тамашалады.
«Біз бүгінде арман болған талай шыңды бағындырдық. Осындай жетістігімізді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз. Біз бабаларымыздың арманын жүзеге асырып, олар аңсаған жетістікке, биікке жетіп отырмыз. Бұл үшін шүкір етіп, қуануымыз керек. Жұмылсақ, жұдырықпыз, біріксек, бағындырмайтын белесіміз жоқ. Екі-үш жыл бұрын ғана құрылысы басталған түрлі ғимараттардың Түркістанның сәнін келтіріп, көркін ашып тұрғанына көзіміз жетіп тұр» деді Елбасы Н.Назарбаев.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Tengrinews порталы
tengrinews.kz
11.05.2021
3282
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру