Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘБУ БӘКІР АС-СЫДДЫҚ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 06.05.2021 4306 0 пікір
«ӘБУ БӘКІР АС-СЫДДЫҚ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы аймағына жұмыс сапарында Талғар ауданында орналасқан Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінің ашылуына қатысты.

Бас мүфти жаңа мешіттің лентасын қиып, Алла үйін тұрғызуға себепкер болған барша азаматтарға алғыс айтты.

«Мешіт тұрғызу – сауапты іс. Әсіресе қасиетті Рамазан айында жасалған жақсы істер, сауапты амалдар еселене түседі. Осы мешіттің ашылуына себепкер болған азаматтарға Алла разы болсын! Жаңа мешітімізден жамағат үзілмесін» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жаңа мешітке ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ізбасары, мұсылмандардың алғашқы халифасы хазіреті Әбу Бәкір ас-Сыддықтың есімі берілді.

Бас мүфти Әбу Бәкір ас-Сыддық мешітінде жамағатпен бірге намаз оқып, қасиетті айдың нығметтері жайында уағыз-насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру