Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.04.2021 3501 0 пікір
БАС МҮФТИ «ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қоры биылғы қасиетті «Рамазан» айының алғашқы жұмасында «Өмірге үміт сыйла» атты акциясын өткізді. Қайырымдылық шарасына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Игі шара барысында елордадағы №1 көпсалалы ауруханаға 3 дана оттегі концентраторы, 30 дана пульсоксиметр, 30 дана тыныс алуға арналған жабдық (шланг) табысталды. Сондай-ақ, «Берекелі Рамазан сыйы» акциясымен аурухананың 150 қызметкеріне азық-түлік себеттері таратылды. Игі шара Рамазан айы мен ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

«Қазіргі жағдайға қарамастан біз қайырымдылық бағыттағы жұмыстарды тоқтатпаймыз. Сақтық шараларын ұстана отырып бүгін де осындай маңызды шаруаны қолға алдық. Былтырдан бері білесіздер алдыңғы шепте жүріп, талай дертті жанға қолұшын созып келе жатқан дәрігерлерімізге біз де ризашылығымызды білдіреміз. Індетпен күресте медицина мамандарының орны бөлек. Сондықтан бүгінгі қайырымдылықты осы жандарға арнап отырмыз» - деді Бас мүфти.

Айта кетсек, Діни басқарманың «Зекет» және қайырымдылық қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында еліміздің 70-ке жуық аураханасына 425 млн теңгеге қажетті оттегі концентраторы, антисептик, маска, дезинфекциялық заттар, қорғаныш комбинезоны сынды керек-жарағын жеткізген болатын.

Еске сала кетейік бүгінгі игі шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, «Зекет» және қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров және аурухана ұжымы қатысты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру