Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КӨПБАЛАЛЫ 3 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 10.04.2021 1809 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ КӨПБАЛАЛЫ 3 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық шарасына қатысты.

Бас мүфти «Зекет және қайырымдылық» қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жалағаш ауданында өткен игі шарада 3 көпбалалы жанұяға 363, 364 және 365-ші пәтер кілттерін, сонымен бірге 10 отбасыға киім дүкенінен киім алуға мүмкіндік беретін 30 000 теңгелік қаржылай сертификат табыс етті.

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұқтаж жандарды ерекше қуанышқа бөлеген қайырымды істердің жүзеге асуына аудандағы жергілікті кәсіпкерлер алқасы демеушілік көрсетті.

Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен 2021 жылы Республика бойынша 30 көпбалалы мұқтаж отбасыға баспана сыйлау қолға алынған болатын.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұрағат