Енді Семей мешіттері де жаңа студиядан хабар таратады. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы сапарында Қос мұнаралы мешітінің жанынан ашылған «Alashdin» студиясының жұмысымен танысты.
Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы Алаш арыстарының ізі қалған өңірде бабаларымызды ұлықтау мақсатында ашылған студия насихат жұмыстарының жандануына септігін тигізеді деді.
Жаңа студияның жұмысына сәттілік тілеген Бас мүфти Алаш қайраткерлерінің аманатына берік орын болсын деді.
«Аллаға шүкір, қазір Алаш арыстарының арманы орындалды. Олардың басты арманы Тәуелсіз ел болу еді. Сол күнге жеттік. Ендігі бағытымыз – бабалар жолынан жаңылмай жалғастыру» деді тұсаукесер рәсімінен соң ҚМДБ Төрағасы.
Жаңа студия алдағы уақытта «Халық арна» телеарнасына тың өнімдер, сұхбаттар мен уағыздар әзірлемек.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
23.03.2021
3486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру