Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ХАКІМ ХАЗІРЕТ АТЫНДАҒЫ МЕШІТТІ АШЫП БЕРДІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 22.03.2021 3319 0 пікір
БАС МҮФТИ ХАКІМ ХАЗІРЕТ АТЫНДАҒЫ МЕШІТТІ АШЫП БЕРДІ  (ФОТО)

Бүгін Әз Наурыз мерекесіне орай Семей қаласы, Дальный кентінде жергілікті бір топ кәсіпкерлердің қаражатына салынған мешіт ашылды. Салтанатты шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Семей қаласының әкімі Нұрымбет Аманұлы және қала тұрғындары қатысты.

Құлшылық үйі 400 адамға арналған. Сондай-ақ мешіт жанынан бір мезетте 40 бала жатып оқитын қайырымдылық мекемесі де қатар ашылды. Тәлімгерлер үшін жатақхана, асхана, оқу бөлмелері қарастырылған. Қайырымдылық мекемесін Бас мүфти арнайы аралап көрді.

Айта кетейік мешітке Орта Азияға танымал дін қайраткері, ғалым 1948 жылдан өмірінің соңына дейін 26 жыл Семей қаласындағы бір мұнаралы «Ағаш» мешітінің бас имамы болған Хакім Хазірет Омарұлының аты берілді. Дальный кентінде жаңа мешіт пен қайырымдылық мекемесінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Медреседе балалар білім алып, болашақта Құранды толық жатқа білетін қариларды дайындау көзделген. Бұл кентте бұрын-соңды мешіт болмаған.

Ашылу шарасы барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке Қасиетті Құран мен кәдесый табыс етсе, Хакім Хазіреттің ұрпағы әкесінің сәлдесін өткізді.

Мешіттің ресми ашылуында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, "Зекет" және қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру