Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Марокконың бұрынғы мүфтиі, бүгінде аталған елдің Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ғалым Марзуқ Аулад Абдолламен сұхбаттасты.
Басқосуға Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты.
Кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанынан құрылған Ғұламалар кеңесінің жұмысы жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар өзекті діни мәселелерге қатысты ортақ пәтуа шығару қажеттігін алға тартты. Кездесуде тараптар осы бағытта өзара ынтымақтастықты арттыруға келісті.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.03.2021
3180
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру