Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында өтіп жатқан «Діндер мен мәдениеттер арасындағы диалог» атты Ислам істері жөніндегі Жоғары кеңестің 31-інші халықаралық конференциясы аясында Оңтүстік Судан Ислам кеңесінің Бас хатшысы Абдолла Буружбен кездесті.
Басқосуға Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты. Кездесуде екіжақты әріптестік байланысты арттыру мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогты дамытудың, мұсылман үмбетінің өзара бірлігін нығайта түсудің маңыздылығы сөз болды. Басқосу барысында тараптар дін саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
13.03.2021
3822
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру