Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 23.02.2021 2851 0 пікір
БАС МҮФТИ АТЫРАУДА ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫН АРАЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған ресми сапарында облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралап, көне жәдігерлермен танысты.

Бас мүфтимен бірге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мүшелері, елімізге белгілі ғалымдар мұражайдағы құнды жәдігерлермен танысты.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мұражай қызметкерлерінің игі істеріне дұға жасап, батасын берді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жер бетінен жойылып кеткен жануарлар, Аралтөбе қорғаны, Алтын адам, «Сарматтар соғысы» панорамасы, Сармат тайпасының әйел және ер адам мүсінінің бет-бейнесі, ағаш ыдыстар жиынтығы т.б жәдігерлер қойылған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру