Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ЖҰМА НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 19.02.2021 1878 0 пікір
БАС МҮФТИ ЖҰМА НАМАЗЫНДА ЖАМАҒАТҚА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Маңғыстау облысына жасаған ресми сапарында Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.

«Құрметті жамағат! Ислам діні адамға жақсылық жасауға үндейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоғамға пайдалы болуды өсиет еткен. Біз, әрқайсымыз жақсылық жасауды өз отбасымыздан, ағайын-туыстан, айналамыздағы адамдардан бастауымыз керек. Сонда ғана қоғамда ізгілік салтанат құрады. Міне, Алла жұма намазын оқуды нәсіп етті. Ендеше, мешітте санитарлық талаптарды сақтауымыз - айналамыздағы адамдарға жақсылық жасағанымыз» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазына жиналған жамағат санитарлық талаптарды сақтап, құлшылығын өтеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі