Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШӨМІШБАЙ САРИЕВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.02.2021 2590 0 пікір
БАС МҮФТИ ШӨМІШБАЙ САРИЕВТІҢ ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Елімізге белгілі ақын, ел сүйіп тыңдайтын көптеген әндердің сөзін жазған қарымды қаламгер Шөмішбай Сариев дүниеден өтті. Қайғылы қазаға байланысты ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы марқұмның туыстарына көңіл айтты.

«Шөмішбай ағамыз өмірде ақындығымен де, ғалымдығымен де, ағалық қасиетімен де, қарапайым азамат ретінде де айналасына сыйлы, құрметті ғұмыр кешті. Қазақ әдебиетін өзінің лирикалық өлеңдерімен байытса, қазақ әндерінің қатарына ел сүйіп тыңдайтын талай танымал әнді дүниеге әкелді. Артына мол мұра қалдырып, «Аллам берген махаббат, Сол сезіммен сүйемін» деп өзі жазғандай, сезім қылын шертетін тағылымды туындыларын барша жырсүйер оқырманға, әнсүйер тыңдарманға арнады. Артына өшпес мұра қалдырған Шөмішбай ағамыздың шығармалары өміршең болып, ел есінде сақталады деген сенімдеміз. Алла ол кісінің ақыреттік жайын жәннаттан қылғай! Нұры пейіште шалқысын!» делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру