Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ЖУСАН» БОЙЫНША ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ӘЙЕЛДЕРМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 15.02.2021 3631 0 пікір
БАС МҮФТИ «ЖУСАН» БОЙЫНША ЕЛГЕ ОРАЛҒАН ӘЙЕЛДЕРМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдермен онлайн жүздесті.

Іс-шараны ҚМДБ Діни оңалту бөлімі ұйымдастырды. Онлайн жүздесуге «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 70-ке жуық әйел қатысты.

Бас мүфти жүздесуде елге аман оралу Алланың берген сыйы, мемлекеттің қамқорлығы екенін атап өтті. Наурызбай қажы Тағанұлы жусандық әйелдердің сұрағына жауап беріп, насихат айтты.

Кездесу барысында олар елге қайтарып жаңа өмір, жаңа мүмкіндік сыйлаған мемлекетке ризашылық білдірді. Діни тұрғыдан оңалуына септігін тигізіп келе жатқан Діни басқарма қызметкерлеріне алғыс айтты.

Жиынды Павлодар қаласындағы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, психолог-реабилитолог Гүлназ Мақсұтқызы қортындылап, дін қызметкерлерінің қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру