Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ИСЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ВИДЕО+ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.02.2021 3251 0 пікір
ҚМДБ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ИСЛАМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ (ВИДЕО+ФОТО)

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік және Ислам» республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясы өтті.

Конференция Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Шоқайдың Құран оқуымен басталса, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұға жасады.

Кездесуді ашқан ҚМДБ Төрағасы шараға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен ғалымдарға алғыс айтып, Алланың халқымызға нәсіп еткен ең ұлы нығметі – Тәуелсіздік пен ислам құндылықтары туралы баяндама жасады.

Содан кейін Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов құттықтау сөзін айтты. Кезекпен сөз алған Мұрат Жұрынов, Мәмбет Қойгелдиев, Ахан Бижанов, Смағұл Елубай, Құл-Керім Елемес, Бақытжан Сатершинов, Шамшәдин Керім Тәуелсіздік және Ислам құндылықтары, рухани жаңғыру мен жастар тәрбиесі, Тәуелсіз Қазақстандағы ислами білім жүйесінің қалыптасуы, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған дін өкілдерін анықтау мен ақтау және өзге де өзекті мәселелерді талқылап, баяндама оқыды.

Онлайн соңында ҚМДБ қызметін дамыту бағытында бірқатар пікірлер айтылды. Наурызбай қажы Тағанұлы айтылған ұсыныстар жұмыс жоспарына енгізілетінін жеткізді.

Еске салсақ, жұқпалы індеттің алдын алу және карантиндік талаптарды сақтау мақсатында конференция онлайн режимде өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру